Skip to content

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА❗❗❗

✒️Астана қаласы әкімдігінің “№25 орта мектеп” Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара, қорытынды аттестаттау кезеңінде төмендегі жағдайларды қатаң түрде ескертеді:❗❗❗

✅ Оқушылардың ата-аналарынан мектеп қажеттілігіне ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
✅ Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді;
✅ Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беруге болмайды;
✅ Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этиканы сақтау және әділдік қағидаларын нығайту мақсатында енгізілген;
✅ Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына немесе санитарлық-шаруашылық заттарға байланысты оқушылардан ақша жинауға жол берілмейді;
✅ Оқу жылының аяқталуына арналған іс-шарасы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында оқушыларға ата-анасының немесе заңды өкілінің тек біреуінің қатысуы жеткілікті екенін ескертеміз;
✅ Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға тыйым салынады;
✅ Автокөлік шеруі, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар және саябақтарға бару – оқушылар үшін рұқсат етілмейтін іс-шаралар қатарына жатады;
✅ Қорытынды аттестаттау кезеңінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Жоғарыда аталған талаптарды қатаң сақтай отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігі мен болашағына бей-жай қарамауыңызды сұраймыз.
Біз үшін сіздің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру — үлкен жауапкершілік пен абырой!
Барлық туындаған сұрақтар бойынша сіз әрқашан мектеп әкімшілігіне жүгіне аласыз.

Құрметпен, №25 орта мектептің директоры Киянов Алмаз Оралович

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *